A+ A A-

talgatzhan 43 Бүгін, 11:20 0

ШҚО-да туу көрсеткіші бойынша көш бастап тұрған аудан анықталды

Бүгін / ШҚО

Өткенде облыс аудандарындағы өлім-жітімге сәйкес деректер ұсынылған болатын. Ендігі ақпарат туу көрсеткіші бойынша әзірленді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ұлттық статистика бюросы мәліметінде өңірдегі барлық аудан мен Өскемен, Риддер қалалары көрсетілген. Бірақ бұл ақпаратта бірыңғай аудандар қамтылды. Соңғы дерекке сәйкес (2025 жыл) облыс бойынша барлығы 7591 бала дүниеге келген. Ал биылғы статистика кестеге енгізілмепті әлі. Аудандар арасындағы көрсеткіш бойынша Зайсан ауданы бірінші орынға шықты. Бұл өлкеде бір жылда 530 бала дүниеге келген. Ал Алтай ауданында 493 сәби дүние есігін ашса, Глубокое ауданында 482 бала өмірге келді.


Аудандардағы туу көрсеткіші төмендегідей:

Зайсан ауданы – 530 бала
Алтай ауданы – 493 бала
Глубокое ауданы – 482 бала
Ұлан ауданы – 398 бала
Шемонаиха ауданы – 330 бала
Тарбағатай ауданы – 283 бала
Күршім ауданы – 148 бала
Самар ауданы – 102 бала
Катонқарағай ауданы – 99 бала
Үлкен Нарын ауданы – 94 бала
Марқакөл ауданы – 69 бала.


Бұл жерде аудандардағы халық санын да ескере кеткен жөн. Кейбірінде 20-30 мың адамнан асса, кей жақта 10 мыңға да жетпейді. Туу көрсеткіші бойынша ең төменгі көрсеткіш Марқакөл ауданында (69 бала) тіркелген.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив