Ел қалаларындағы қонақүйдің орташа бағасы жарияланды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, ең жоғары көрсеткіш Алматы қаласында тіркелген.
Статистикаға сәйкес, шаһарда қонақүй тәулігіне 35 821 теңгеге түседі. Екінші орында Орал қаласы тұр. Мұнда қонақүйде бір күн түнеу құны – 27 956 теңге. Ал Петропавлда қонақүйге бір тәулікке 25767 теңге жұмсау қажет.
Ең арзан қалалардың қатарында Семей мен Өскемен бар. Өскеменде 14 444 теңге болса, Семейде бұл баға – 12 151 теңге.
Пікірлер