Төтенше жағдайлар қызметкерлері жергілікті кәсіпорын аумағында шыққан өртті сөндірді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Өрт сөндіру кезінде құтқарушылар екі автобус пен бес көлікті қауіпсіз орынға шығарып, жалынның оларға таралуына жол бермеді.
– 112 қызметіне өрт туралы дабыл келді. Оқиға жауапкершілігі шектеулі серіктестікке тиесілі автотұрақтың шатыры жанып жатқан Промышленная көшесінде болды, - делінген ресми ақпаратта.
Өрт сөндірушілер тілсіз жауды жылдам ауыздықтады. Оқиға салдарынан қаза тапқандар мен жарақат алғандар жоқ.
Пікірлер