Қазір мамандар аумақты зерттеп, қандай ағаштар сақталатынын, ал қайсысын кесу қажеттігі туындауы мүмкін екенін анықтап жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бұған дейін қала тұрғындары алаңдағы ағаштарға қойылған түрлі белгіні байқаған болатын. Өскемен әкімдігінің баспасөз қызметі мәліметінше, бүгінде жобалау ұйымы аумақты қайта жаңғырту бойынша ұсыныстар әзірлеп жатыр. Зерттеу жұмыстарына дендролог пен геодезист тартылған.
Ағаштарға қойылған белгілерге сәйкес, крестпен белгіленгендерін кесу, ал шеңбермен белгіленгендерін сақтау алдын ала қарастырылған. Дегенмен әкімдік бұл белгілердің әзірге бастапқы сипатта екенін атап өтті. Жобалық ұсыныстар қаралып, тиісті келісімдерден өткен соң белгілі болады.
Жоба аясында Республика алаңын кешенді абаттандырып, кейін аумақты көгалдандыру жоспарланған.
Пікірлер