453.87 508.33 5.65
A+ A A-

ШҚО-да дүкен ұрлығына қатысы бар күдіктілер анықталды

ШҚО-да дүкен ұрлығына қатысы бар күдіктілер анықталды [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

ШҚО Полиция департаментінің ақпаратынша, үш ер адам сатушының назары басқаға ауған сәтті пайдаланып, дүкеннен тауар ұрлаған. Кейін олар ұрланған заттарды базарда сатып, пайда табуға тырысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Тергеу мәліметінше, ер адамдар қылмысты алдын ала сөз байласып жасаған. Дүкеннен төсек-орын жабдықтарының жиынтықтары мен бес құты антиперспирант ұрланған. Келтірілген материалдық шығынның жалпы сомасы - 120 мың теңге.
- Жедел іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері үш адамның да жеке басын анықтады. Күдіктілер Глубокое ауданының тұрғындары болып шықты. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің «Ұрлық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілерге қатысты келу туралы міндеттеме түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды, - делінген ресми хабарламада.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив