Жазғы дөңгелекті қысқы дөңгелекке ауыстыру бағасы қалаға және диаметріне қарай 5 мыңнан басталып, 20 мың теңгеге дейін жетті. Kazinform тілшісі 20 қаладағы R16 және R18 дөңгелегін ауыстыру бағасын білді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
Қолда бар деректерге сүйенсек, диаметрі R16 болатын дөңгелекті ауыстыру бағасы 5 мың теңгеден басталып, 14 мың теңгеге дейін жетті. Ал R18 дөңгелегін ауыстыру құны 8 мың теңгеден басталып, 20 мың теңгеге дейін көтерілді. Демек дөңгелекті ауыстыру қызметінің құны қалаларға байланысты өзгеріп отырады.
Қысқы дөңгелекке ауыстыру қызметі қайда арзан
Диаметрі R16 болатын дөңгелек жиынтығын ауыстыру қызметі Ақтау мен Өскемен қалаларында 5 мың теңгеден басталады. Павлодар, Түркістан мен Таразда 6 мың теңге болса, Шымкентте 7 мың теңге және одан жоғары.
R18 дөңгелегін қысқа дайындау қызметінің бағасы елімізде 8 мың теңгеден басталады. Ақтау мен Түркістанда осы баға тіркелді. Тараз қаласында дөңгелек жиынтығын ауыстыру бағасы - 9 мың теңге, Петропавл, Қызылорда мен Шымкентте - 10 мың теңге.

Пікірлер