444.3 490.91 5.41
A+ A A-

«Әділет» партиясы денсаулық сақтау саласына қандай бастамалар ұсынып отыр?

«Әділет» партиясы денсаулық сақтау саласына қандай бастамалар ұсынып отыр? [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Медициналық көмектің қолжетімділігі ауруханалар саны мен заманауи құрал-жабдықтарға ғана байланысты емес. Білікті мамандардың болуы, ауруды дер кезінде анықтау мүмкіндігі мен дәрігерлердің кәсіби дамуына қолайлы жағдай жасау да маңызды. Осы мәселелер Өскемендегі Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасында өткен кездесудің негізгі тақырыбына айналды. Облыстық мәслихат депутаттығына партиялық тізіммен ұсынылған кандидаттар медициналық мекеме ұжымымен жүздесті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Зарина Камасова, Мағжан Тәжібай және Бақытжан Жаңабаев медицина қызметкерлеріне «Әділет» партиясының өңірлік сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Кездесуде денсаулық сақтау саласын жаңғырту, медициналық қызмет сапасын арттыру және кадр тапшылығын шешу бағыттары сөз болды.
Бағдарламада медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жаңарту, диагностикалық мүмкіндіктерді кеңейту және жылжымалы медициналық кешендердің қызметін дамыту көзделген. Мұндай кешендер жыл сайын 50 900 адамды скринингтік тексеруден өткізуге тиіс. Сонымен қатар 2031 жылға дейін кеңейтілген практикадағы мейіргер ісі бойынша 909 маман даярлау, резидентурада білім алуға жыл сайын 66 грант бөлу және 28 медицина қызметкеріне қолдау көрсету жоспарланған.

Зарина Камасова бұл бастамалардың түпкі мақсаты - облыс тұрғындарына сапалы медициналық көмекті уақтылы әрі қолжетімді ету екенін атап өтті.
– Ол үшін медициналық инфрақұрылымды дамыту, мекемелерді жаңғырту және ауруларды ерте анықтау мүмкіндіктерін кеңейту қажет. Медициналық қызметтің қолжетімділігі облыс орталығымен ғана шектелмей, шалғай елді мекендердің тұрғындарына да қамтамасыз етілуге тиіс, – деді кандидат.
Мағжан Тәжібай кадр мәселесіне тоқталып, білікті мамандарды өңірге тартумен қатар, олардың тұрақтап жұмыс істеуіне жағдай жасау қажеттігін айтты.
– Жас дәрігер оқуын аяқтағаннан кейін жұмысқа орналасып, баспана алып, жаңа ортаға бейімделе алатынына сенімді болуы керек. Сондықтан бағдарламада қарастырылған тұрғын үймен қамтамасыз ету, көтерме жәрдемақы беру және коммуналдық шығындарды өтеу шараларының практикалық маңызы зор. Бұл мамандарды өңірге тартуға және осында тұрақтап қалуына қосымша ынталандырады, – деп түсіндірді ол.

Бақытжан Жаңабаев денсаулық сақтау саласын дамытуда барлық бағыттың өзара сабақтастығына назар аударды. Оның айтуынша, медициналық мекемелерді жаңарту, заманауи диагностика әдістерін енгізу және мамандарды қолдау қатар жүзеге асырылғанда ғана нақты нәтижеге қол жеткізуге болады.
– Біздің міндетіміз – бағдарламада көзделген бастамалардың халыққа нақты пайдасын тигізіп, медициналық қызмет сапасын арттыруына ықпал ету, – деді кандидат.
Кездесу соңында кандидаттар қатысушыларды алдағы сайлауға белсенді қатысып, «Әділет» партиясының бағдарламасын қолдауға және партияға дауыс беруге шақырды.

Дайындаған: «Әділет» партиясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі.

Тапсырыс беруші: Мекеева Ж.Ж

«Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарын сайлауда» партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ-ның сайлау қорынан төленді.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив