444.3 490.91 5.41
A+ A A-

Бақытбек Қизатов «Мемлекеттік қызмет ардагері» төсбелгісімен марапатталды

Бақытбек Қизатов «Мемлекеттік қызмет ардагері» төсбелгісімен марапатталды [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті ШҚО бойынша департаменті басшысы Бақытбек Қизатов «Мемлекеттік қызмет ардагері» төсбелгіге ие болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Марапатты облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов табыстады. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы қол қойған марапат Бақытбек Қизатовтың мемлекеттік қызметтегі көп жылғы адал еңбегінің, кәсібилігінің және мемлекеттік қызметті дамытуға қосқан елеулі үлесінің бағасы болып отыр.

Бақытбек Құрманбекұлы мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын 1996 жылы бастаған. Осы уақыт аралығында мол тәжірибе жинақтап, жиырма жылдан астам уақыт еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы өңірлік құрылымдарға басшылық етті. Бүгінде оның жетекшілігімен облыста еңбек заңнамасының сақталуы, жұмыскерлер құқықтарын қорғау және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша маңызды жұмыстар атқарылып жатыр

Еңбек жолында ол республикалық және халықаралық деңгейде бірнеше рет жоғары бағаланған. Екі мәрте Қазақстанның үздік мемлекеттік еңбек инспекторы атанып, ТМД елдері арасындағы үздік еңбек инспекторы болып танылды. «Әлеуметтік қорғау саласының үздігі» атағына ие. 2023 жылы «Құрмет» орденімен марапатталған.

Дереккөз: ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив