444.3 490.91 5.41
A+ A A-

Өскеменде Күршім ауданының мәдени күндері өтеді

Өскеменде Күршім ауданының мәдени күндері өтеді [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

20-21 қараша күндері Өскемен қаласында «Туған жер – алтын бесігім» облыстық жобасы аясында Күршім ауданының мәдени күндері ұйымдастырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ауданның өнері мен мәдениетін, ұлттық қолөнерін және ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктерін таныстыратын бірқатар іс-шара ұйымдастырылады.

20 қараша күні сағат 17:00-де Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының фойесінде Күршім ауданының жергілікті қолөнершілерінің туындылары ұсынылған көрме, балық өнімдерінен әзірленген фуршет өтеді. Күннің мәдени бағдарламасы сағат 18:00-де басталатын концертпен жалғасады.  

21 қараша күні сағат 08:00-де Жібек жолы көшесі, 44 мекенжайында орналасқан «Алтай» көтерме және бөлшек сауда орталығының аумағында Күршім ауданының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтеді. Онда шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлер өндіретін сапалы әрі экологиялық таза ауыл шаруашылығы өнімдерін қолжетімді бағамен сатып алуға мүмкіндік бар.

Тұтынушылар назарына ет, балық, сүт және май өнімдері, күнбағыс майы, бал, «Мойнақ» шұжық өнімдері, «ДЕЕН» ЖШС жылыжайында өсірілген қияр, салат жапырағы, аскөк, жасыл сарымсақ, кинза және басқа да табиғи өнімдер ұсынылады.

Сонымен қатар жәрмеңке қонақтарына арналған мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылады.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив