ШҚО Полиция департаментінің ақпаратынша, өңірде темекі тұқылын жерге тастау фактілері анықталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Құқық бұзғандардың бірі - Риддер қаласының 36 жастағы тұрғыны, екіншісі - Катонқарағай ауданының 67 жастағы тұрғыны, ал үшіншісі - Үлкен Нарын ауданының 21 жастағы тұрғыны. Үшеуі де сауда нысандары мен базар маңына шылым қалдығын тастаған.
Әр дерек бойынша ҚР ӘҚБтК 434-2-бабының 1-бөлігімен әкімшілік іс қозғалды.
Пікірлер