444.3 490.91 5.41
A+ A A-

ШҚО-да мас күйінде көлік басқарған жүргізуші 20 тәулікке қамалды

ШҚО-да мас күйінде көлік басқарған жүргізуші 20 тәулікке қамалды [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

«Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – Ресей Федерациясының шекарасы» тасжолының 1126-шы шақырымында патрульдік полиция қызметкерлері кезекті рейд барысында 28 жастағы ер адамды тоқтатты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Тексеру нәтижесінде жүргізушінің көлік құралын басқару құқығы жоқ екені және мас күйде болғаны анықталды. Медициналық куәландыру оның жеңіл дәрежеде мас екенін көрсетті.
Аталған дерек бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы 6-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды.
Сот шешімімен құқық бұзушы 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Ал көлік арнайы айып тұрағына қойылды.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив