444.3 490.91 5.41
A+ A A-

ШҚО-да соңғы бес жылда қоңыр аю саны 1000-ға көбейді

ШҚО-да соңғы бес жылда қоңыр аю саны 1000-ға көбейді [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Өңірде 2022 жылы 2977 аю болса, 2026 жылғы қысқы санақ бойынша олардың саны 3787-ге өсті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мәліметінше, 2025 жылы қоңыр аюдың елдімекен маңында жүргені туралы 39 хабарлама түсті. 2026 жылы бұл сан 47-ге дейін артты.
Әсіресе Риддер қаласы мен Алтай ауданының тұрғындары аюлармен жиі ұшырасады. Риддерде өткен жылы осындай 23, ал биыл 22 хабарлама тіркелген. Алтай ауданында керісінше, көрсеткіш 11-ден 20 жағдайға дейін өсті. 
Жыл басынан бері ШҚО Табиғи ресурстар басқармасына қарасты орман және аңшылық шаруашылығының жедел әрекет ету жасағына жабайы аңдарды, соның ішінде аюлардың жүргені туралы 78 хабарлама келді.
Статистикалық мәліметтер аймақтағы қоңыр аюлар санының соңғы жылдары өсіп келе жатқанын көрсетеді. Атап айтқанда, 2023 жылы олардың саны — 3 260, 2024 жылы — 3 113, 2025 жылы — 3 296 болды. Ал 2026 жылғы есеп нәтижесінде 3 787 аю тіркелді.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив