Нысан Жетінші ықшамауданда салынады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бұл туралы қалалық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Алдияр Темірбеков мәлім етті. Сөзінше, құрылыс уақыты 2 себеппен кейінге шегерілді. Жоба бойынша жұмыстар басталғаннан кейін геологиялық зерттеулердің нәтижелері бастапқы жобалау кезінде ескерілмегендіктен, құжаттаманы түзету қажет екені белгілі болды. Бұл процесс қосымша уақытты алды, бірақ қазір түзетулер аяқталды. Екінші себеп - қаржыландырудағы өзгерістер. Бастапқыда жоба толығымен облыстық бюджеттен қаржыландырылады делінген, бірақ жоспарланған қаражаттың бір бөлігі іске асыру кезінде алынып тасталды.
– Қаржыландырудың жалпы сомасы - бір миллиард теңге. Жоба бойынша бір уақытта 100 адамға дейін сыйымдылыққа арналған, жалпы ауданы 161 шаршы метр болатын екі қабатты ғимарат салу көзделген. Кешенде спорт залы және футбол, баскетбол, волейбол, күрес, үстел теннисі үшін ойын бөлмелері орналасады. Сондай-ақ ашық футбол алаңы жоспарланған, - деді Алдияр Темірбеков.
Айта кету керек, бастапқыда кешеннің құрылысы 2026 жылдың соңына дейін аяқталуы тиіс еді. Енді дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын 2027 жылдың қыркүйегіне дейін аяқтау жоспарлануда.
Пікірлер