444.3 490.91 5.41
A+ A A-

ШҚО әкімдігінде Зайсан ауданындағы қорғандарға зақым келтірілуі мүмкін екені туралы ақпаратқа жауап берді

ШҚО әкімдігінде Зайсан ауданындағы қорғандарға зақым келтірілуі мүмкін екені туралы ақпаратқа жауап берді [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Зайсан ауданындағы «Шағаноба» археологиялық кешенінің қорғандарына зақым келтірілуі мүмкін екені туралы әлеуметтік желілерде таралған ақпаратқа байланысты келесі ақпарат ұсынылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

13 қарашада полиция қызметкерлері оқиға орнына барды. Кешен аумағында қазылған шұңқырларды «SRS» ЖШС-не тиесілі техниканың көмегімен көму жұмыстары жүргізілгені анықталды. Оқиға орнындағы азаматтардың жеке басы анықталып, материалдар полицияда тіркелді.
– Сол күні тарихи-мәдени мұраны қорғау мамандары, археолог, әкімдік және полиция өкілдері аумақты тексерді. Жер қазу іздері фотоға және бейнеге түсіріліп, тиісті акт жасалды. Қар жамылғысы қорғандардың жай-күйі мен ықтимал залал көлемін толық анықтауға мүмкіндік бермейді. 2027 жылдың көктемінде қосымша тексеру жүргізіліп, қажет болған жағдайда авариялық-құтқару археологиялық жұмыстары ұйымдастырылады. Оқиғаның мән-жайына құқықтық баға беру үшін тексеру материалдарын құқық қорғау органдарына жолдау тапсырылды. Заң бұзушылық анықталса, кінәлі тұлғаларды жауапқа тарту шаралары қабылданады. Заңсыз қазба жұмыстары мен вандализмнің алдын алу үшін ескерткіштерді бақылау күшейтілуде, - делінген облыс әкімдігінің мәліметінде. 
Археологиялық мұраны зерттеу мен сақтау жұмыстары Шілікті, Берел, Елеке сазы және Ақбауырда жинақталған тәжірибеге сүйеніп жалғасады. «Алтын адам», түркі қағанының бейнесі бар алтын әшекейлер мен ежелгі қоныстар өңір тарихының құнды айғақтары саналады. Алдағы жұмыста ескерткіштерді қорғауға, ғылыми зерттеулерді жалғастыруға, жәдігерлерді қалпына келтіріп, жұртшылыққа таныстыруға басымдық беріледі.
Жалпы, облыс әкімдігі қорғандардың табиғи қалпы мен тарихи келбетін сақтай отырып, заманауи ашық аспан астындағы музей кешенін құру мүмкіндігін қарастыруда. Мәселе келісу сатысында. Бұл бастама құнды жәдігерлерді жұртшылыққа таныстыруға, ғылыми зерттеулерге жағдай жасауға және өңірдің археологиялық мұрасын келер ұрпаққа тұтас жеткізуге бағытталған.
Тарихи мұраға қол сұғуға жол берілмейді. Осы мәселеге қатысты барлық жұмыс Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің бақылауында.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив