443.62 492.24 5.36
A+ A A-

Жылдамдық – сағатына 40 шақырым: Өскемендегі жолайрықта тағы нені ескеру қажет?

Жылдамдық – сағатына 40 шақырым: Өскемендегі жолайрықта тағы нені ескеру қажет? [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Мамандар жолайрық бойынша тұрғындар арасында кейбір ақпарат бұрмаланып беріліп жатқанын айтты. Олардың сөзінше, Сәтбаев даңғылы бағытындағы эстакада арқылы қозғалыс ең алдымен, жүргізушілерге қолайлы жағдай жасап, қала тұрғындарының өтініштеріне орай техникалық режимде ашылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы өндірістік-техникалық бөлімі ақпаратынша, көлік айрығының құрылысы жалғасып жатыр. Қазір деформациялық жіктер орнатылуда. Жұмыс жүріп жатқан учаске екі аптадан соң жабылып, қозғалыс үшін екінші жағы ашылады.

– Сәтбаев даңғылы мен Жібек жолы көшесі қиылысындағы көлік айрығының ашылуы бойынша ақпараттардың бұрмалануынан ресми түсініктеме беруді қажет деп санадық. Эстакада арқылы қозғалыстың техникалық режимде ашылғаны туралы барлық ресми ақпарат көзіне бірнеше рет хабарланса да, жаңсақ пікір әлі бар екен. Көпірдің жекелеген бөлігін анықталған кемшіліктерді жою мақсатында жабу бойынша бейнежазбалар да тарады, – деді ШҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы өндірістік-техникалық бөлімінің басшысы Ұлдана Ермекова.

Осыған сәйкес, деформациялық жіктерді орнату үшін эстакаданың бір жағында, кейін екінші жағында қозғалысты уақытша шектеу – құрылыс жұмыстарының жоспарлы кезеңі саналатын көрінеді.

– Деформациялық жіктерді жеткізу мерзімі біршама ұзарды. Себебі аталған конструкциялар Еуропада дайындалып, жеткізіледі. Бұған өндірістік кезекті күту, халықаралық тасымалдау, кедендік рәсімдеу және басқа да міндетті рәсімдер кіреді, – деді бөлім басшысы.

Ресми ақпаратқа сәйкесғ эстакадада жылдамдық режимін 40 км/сағ-қа дейін, ал айналма бөлігінде 30 км/сағ-қа дейін шектеу құрылысы аяқталмаған нысан үшін қажетті әрі міндетті талап болып саналады. Бұл жөнінде жол полициясының ресми өкілдері де хабарлаған көрінеді. Мәлім болғандай, Есенберлин көшесі бағытындағы эстакада құрылысы жалғасуда, аталған бағыт бойынша қозғалыс әзірге ашылған жоқ. Енді бекітілген кестеге сәйкес, келесі жылы мынадай жұмыстарды орындау да көзделген:

1) Асфальтбетон жабынының соңғы қабатын төсеу;
2) Тротуарлар мен жаяу жүргіншілер өткелдерін абаттандыру;
3) Сыртқы жарықтандыру жұмыстарын аяқтау.

Қазір ауа райы алаңсыз жұмыс істеуге мүмкіндік беріп тұр. Дегенмен қажет жабдықтардың су болып қалмауы маңызды. Сол үшін күн ашық кезде жұмысты барынша мол ауқымда, кестеге сәйкес жалғастыру басшылыққа алынып отыр.

Әділхан ЕСІМХАНОВ
Фотосуреттер: автордікі

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив