Саят Бимағамбетов: Кедендік инфрақұрылымның жаңғыруы – сыртқы сауда айналымын жеделдетеді
[xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]
1993 жылы 15 қарашада қазіргі Қазақстан тарихында алғаш рет ұлттық валюта – теңге айналымға енгізілді. Ұлттық валютаның енгізілуі елдің экономикалық тәуелсіздігінің басты атрибутына айналды деуге болады. Қазір ұлттық валюта бизнес-жобалар мен мемлекеттік бағдарламаларды іске асырудың байланыстырушы буыны екені рас. Төл теңгенің туған күні қарсаңында облыс бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысы Саят Бимағамбетовпен сұхбаттасқан едік, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
– Саят Сайлаубекұлы, Мемлекеттік кірістер саласында қандай негізгі өзгерістер болды?
– Биыл Жаңа салық кодексі енгізіліп, мемлекеттік кірістер органдарының заманауи ақпараттық жүйелері іске асырылды. Бұл өзгерістердің негізгі мәні – цифрлық сүйемелдеуі бар фискалдық модель, қарапайым "бір рет басу" қызметтері, салық есептілігін 30% - ға қысқарту, салық режимдері бизнестің ауқымына байланысты өзін-өзі жұмыспен қамтығандардан бастап орта бизнеске дейін айқын болды. Салық есептілігін "ұсынбау" ұғымы алынып тасталды және соның нәтижесінде биылдан бастап салық есептілігін ұсынбағаны үшін айыппұлдар болмады. Мысалы, былтырдың өзінде мұндай айыппұлдар 10 мыңға жуықтады. Жаңа ақпараттық жүйелер, егер қандай нысандарды ұсыну керектігі алдын-ала көрсетілсе, кәсіпорын үшін нөлдік салық есептілігін өздері ұсына алатындай етіп жасалған. 101.01 нысаны бойынша корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдердің есептеулері жойылды және Мемлекеттік кіріс органдары сомаларды дербес шоттарға автоматты түрде есептейді. Бұл мысалдар салық төлеушілермен өзара әрекеттесудің сервистік моделіне көшу қажеттігін білдіреді.
– Осы жылдың өткен кезеңінде аталған өзгерістер қандай нәтижелерге әкелді?
– Сұрағыңыз орынды. Бүгін біз белгілі бір нәтижелер туралы айта аламыз. Мәселен, осы жылы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін салық режимі алғаш рет іске асырылды, бұл режимде тек әлеуметтік төлемдер төленеді, салықтар есептелмейді.
Жыл басталғалы біз микро-бизнестің осы режимді қалай белсенді қолдана бастағанын көріп отырмыз. Қаңтарда режимді пайдаланушылар саны – 5,0 мың жеке тұлға, ақпан айында 7,5 мың адам болды. Бүгінгі таңда аймақ бойынша өзін – өзі жұмыспен қамтыған жеке тұлғалардың саны – 15 840 адамды құрайды, яғни жыл басынан бері өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны үш есеге артты. Бұл біздің микробизнесіміз көлеңкеден шығып жатқанын немесе микроэкономика қалай "ақталатынын" көрсетеді. Тағы бір мысал, жыл басында жеңілдетілген декларация бойынша салықтарды есептеу ставкасы 2% - ға дейін төмендетілді. Сонымен қатар, бүгін біз шағын және орта бизнестің кассалық кірісінің қалай өсіп жатқанын көріп отырмыз. Осылайша, кассалық чектердің деректері бойынша түсім сомасының өсу қарқыны 123%-ды құрады. Яғни, кассалық чектердің ақшалай сомасы өткен жылмен салыстырғанда төрттен бір бөлікке өсті. Осылайша, біз өзіміздің қайта құруларымыздың басты нәтижесіне жоспарлы түрде барамыз. Бұл микробизнесті жүйелі түрде "ағарту" және тиімді, қарапайым жағдайлар жасау есебінен экономиканы көлеңкеден шығару. Бүгінде ресми жұмыс істеу қымбат та, күрделі де емес.
– 28 қазанда Мемлекет басшысы, ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына "Қазақстанның жаңа тарихи циклдегі өзекті міндеттері" Жолдауын жолдады. Келесі кезеңде қандай өзгерістер күтіліп отыр?
– Мемлекеттік кірістер саласы ел экономикасының ажырамас бөлігі болып табылады. Мемлекет басшысының 2026 жылғы 28 қазандағы Жолдауында қойылған міндеттерді іске асыру шеңберінде салық салудың әділдігіне, шағын бизнеске салық жүктемесін төмендетуге, одан әрі цифрландыру мен жаңғыртуға бағытталған бірқатар өзгерістер жарияланды. Мәселен, ірі байлығы мен активтері бар азаматтар үшін жоғары салық ставкасын енгізу мәселесін зерделеу тапсырылды. Келесі тапсырма – екіұшты нормаларды болдырмау және қайшылықтарды жою үшін Салық кодексіне түзетулер дайындау, осы тапсырманы іске асыру салық нормаларын қате талдаусыз бизнесті одан да оңай жүргізуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап микро және шағын бизнес субъектілерін тексеруге мораторий енгізуді талқылау тапсырылды. Кедендік инфрақұрылымды жаңғырту, шекарадағы автомобиль өткізу пункттерін қайта құру туралы тапсырмалар бар, бұл, әрине, сыртқы сауда айналымын жеделдетеді. Цифрлық әкімшілендіру жалғасады, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті одан әрі белсенді енгізу күтіледі.
– Тұщымды мәлімет, берілген деректер үшін рахмет. Кеден тақырыбы қашан да қызық. Алдағы уақытта әлі де ақпарат алмасудың сәті түседі деген сенімдеміз.
– Өңірдегі мемлекеттік кіріс органдары, өзім, диалог орнатуға әркез ашықпыз. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, оқырмандарды, интернет аудиторияны ұлттық валюта – теңге күнімен және қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен құттықтауға рұқсат етіңіз. Ұлттық валюта – еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігінің символы. Облыстағы бизнес-қоғамдастығына ерекше алғыс білдіреміз. Сіздердің адалдығыңыз, әлеуметтік жауапкершілігіңіз мемлекеттің қаржылық тұрақтылығын тікелей нығайтады.
Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз
Пікірлер