444.76 495.37 5.37
A+ A A-

Алматыда Шығыс Қазақстан облысының жәрмеңкесі өтеді

Алматыда Шығыс Қазақстан облысының жәрмеңкесі өтеді [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

14-15 қараша күндері Алматы қаласында «Дала дәмі» бірыңғай республикалық бренді аясында Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жәрмеңке Шевченко көшесінің Қонаев пен Пушкин көшелерінің арасындағы бөлігінде өтеді. Екі күн бойы сағат 08:00-ден 18:00-ге дейін қала тұрғындары мен қонақтары Шығыс Қазақстанның ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері мен қайта өңдеу кәсіпорындарының өнімдерін тікелей сатып ала алады.

Жәрмеңкеге Алтай, Глубокое, Катонқарағай, Тарбағатай, Үлкен Нарын, Шемонаиха аудандарының және Өскемен қаласының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері қатысады.

Келушілерге 20-дан астам өнім түрі ұсынылады. Олардың қатарында ет және сүт өнімдері, бал, күнбағыс майы, балық, шұжық өнімдері, шай мен самырсын жаңғағы бар.

Алматы тұрғындары үшін жалпы көлемі 50 тоннадан асатын ауыл шаруашылығы өнімі жеткізіледі. Атап айтқанда:

ет өнімдері – 6 тонна;

бал – 32,6 тонна;

күнбағыс майы – 4,5 тонна;

сүт өнімдері – 2,1 тонна;

балық өнімдері – 2,5 тонна;

шұжық өнімдері – 3,6 тонна;

шай мен самырсын жаңғағы – 0,6 тонна.

Ұсынылатын өнімдердің жалпы құны 150 миллион теңгеден асады.

Жәрмеңкеге қатысушылар үшін бекітілген орналастыру схемасына сәйкес арнайы безендірілген сауда орындары мен үстелдер қарастырылады. Бұл сауда барысын жүйелі ұйымдастырып, сатып алушыларға қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Сатылымға шығарылатын барлық өнім санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сай болады. Сауда жасаушылар өнімнің шығу тегі мен сапасын, қауіпсіздігін растайтын тиісті құжаттарды ұсынады.

Жәрмеңкенің басты мақсаты – Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы әлеуетін таныстыру, жергілікті өндірушілердің өнімдерін кеңінен насихаттау және Алматы тұрғындарын сапалы, табиғи азық-түлікпен қамтамасыз ету.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив