444.76 495.37 5.37
A+ A A-

ШҚО жолдарында қар басу және қар көшкіні қаупі бар 22 учаске анықталған

ШҚО жолдарында қар басу және қар көшкіні қаупі бар 22 учаске анықталған [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Белгілі болғандай, қар басу қаупі бар 15 учаскеде қар тоқтататын қалқандар орнатылып, арнайы траншеялар қазылды. Бұл қардың жолға жиналуын азайтып, боран кезінде көлік қозғалысына кедергі келтірмеуге бағытталған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ал қар көшкіні жүруі мүмкін жеті учаске ерекше бақылауға алынып, қосымша қауіпсіздік шаралары қарастырылды.

Жолдардың қысқы маусымға дайындығы аясында 130 уақытша жол белгісі және 4 мыңға жуық бағыттаушы бағана орнатылды. Олар қалың қар мен боран кезінде жүргізушілерге жолдың шетін бағдарлауға көмектеседі. Сонымен қатар 1 666 су өткізу және басқа да жасанды құрылымдар, оларға кіреберіс жолдар тазартылып, 85 көпір ретке келтірілді.

Жол жағдайын тәулік бойы бақылау үшін 1 қарашадан бастап диспетчерлік қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Мамандар жолдардың жағдайын қадағалап, арнайы техниканың жұмысын үйлестіреді. Қауіп туындаған жағдайда тиісті қызметтерге жедел хабар беріледі.

Жүргізушілерге жол жағдайы туралы ақпарат беру үшін күрделі бағыттарға төрт жарықдиодты ақпараттық тақта орнатылды. Ал жол-көлік оқиғалары жиі болатын учаскелерге автономды жарық сигналдары қойылуда. 

Айта кетейік, былтыр қалың қар, көріну қашығының төмендеуі және қар көшкіні қаупіне байланысты облыстық маңызы бар жолдарда 65 рет, республикалық жолдарда 56 мәрте қозғалыс шектелген еді. 

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив