444.76 495.37 5.37
A+ A A-

ШҚО-да қысқы жолдарды күтіп ұстауға 800-ге жуық техника әзірленді

ШҚО-да қысқы жолдарды күтіп ұстауға 800-ге жуық техника әзірленді [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Өңірде автомобиль жолдарын қысқы күтіп-ұстау жұмыстарына дайындықтың негізгі кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 800-ге жуық арнайы техника әзірленіп, жанар-жағармай мен көктайғаққа қарсы материалдардың қоры жасақталды.

Сондай-ақ жол қызметтерінің күрделі ауа райы жағдайларына жедел әрекет етуіне ерекше көңіл бөлінген. 

Республикалық маңызы бар тасжолдарға «ҚАЖсервис» ЖШС ШҚО филиалы қызмет көрсетеді. Кәсіпорын қысқы маусымда жолдарды күтіп-ұстау үшін 108 техника дайындаған. Ал облыстық маңызы бар жолдарда «ОблШығысЖол» ЖШС-ның 119 техникасы жұмыс істейді.

Қалың қар жауып, жолдарда қар үйінділері пайда болған жағдайда жедел әрекет ету үшін арнайы жасақ құрылған. Жасақ жолдардағы күрделі жағдайларды жоюға және көлік қозғалысын қалпына келтіруге жұмылдырылады.

Аудандық жолдар мен елдімекендердің көшелерін күтіп-ұстауға тағы 573 техника дайындалған. Бұдан бөлек, қажет болған жағдайда қосымша 185 жұмылдыру техникасын тарту көзделген. 

Қыста үздіксіз жұмыс істеу үшін қажетті материалдар қоры да алдын ала әзірленді. Жол қызметтері шамамен 600 мың литр жанар-жағармай, 2 мың тонна көктайғаққа қарсы материал және 50 тонна техникалық тұз дайындады. Сонымен қатар өндірістік бөлімшелердің қажеттілігі үшін 800 тонна көмір сатып алынды.

Қыс мезгілінде жер бедері мен ауа райы жағдайына байланысты қар басып қалу және көктайғақ пайда болу қаупі жоғары учаскелерге ерекше назар аударылады.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив