444.76 495.37 5.37
A+ A A-

ШҚО-да скарлатинамен сырқаттанғандар саны 44%-ға көбейген

ШҚО-да скарлатинамен сырқаттанғандар саны 44%-ға көбейген [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Шығыс Қазақстан облысында скарлатина жұқпасымен ауырғандар саны күрт артып отыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Өңірде биыл скарлатина инфекциясын жұқтырған 396 адам тіркелген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 121 жағдайға, яғни 44%-ға көп.

Ауруға шалдыққандардың басым бөлігі Өскемен қаласында. Мұнда 323 адам сырқаттанды. Сондай-ақ Зайсан ауданында – 29, Ұлан ауданында – 15, Риддер қаласында 12 жағдай анықталған. Облыстың өзге аудандарында науқастар саны 2-ден 4 адамға дейін жетеді.

– Скарлатинамен көбіне балалар ауырады. Атап айтқанда, 0-6 жас аралығындағы балалар арасында 325 жағдай тіркелсе, 7-19 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында 62 жағдай анықталған. Сырқаттанғандар санының өсуіне балалар арасында стрептококк инфекциясының таралуы, респираторлық аурулар маусымындағы қолайлы эпидемиологиялық жағдайлар әсер етуі мүмкін, - деп хабарлады ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен.

Ведомство мәліметінше, инфекцияның таралуына науқастармен байланыста болған адамдарды дер кезінде анықтамау да ықпал етеді. Бұл өз кезегінде балабақшалар мен мектептерде ауру жұқтыру қаупін арттырады.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив