444.16 487.29 5.4
A+ A A-

Самар ауданында балық өңдейтін зауыт салынуы мүмкін

Самар ауданында балық өңдейтін зауыт салынуы мүмкін [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Аудан әкімінің орынбасары Сұлтан Амангельдинов жыл басталғалы қолға алынған жұмыстарға тоқталып, әр салада байқалған өзгерістермен бөлісті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

2 814 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
Белгілі болғандай, қаңтар-қыркүйек айлары қорытындысында ауыл, орман және балық шаруашылығының жалпы өнім көлемі 11 млрд 840,6 млн теңгені құрады. Оның ішінде ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 11 млрд 672,6 млн теңгеге жетіп, 13,6%-ға өсті.
– Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 5 млрд 36,7 млн теңгеге жетті. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 14 млрд 395,9 млн теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 94,4%-ға артты. Оның ішінде жеке инвестициялар көлемі - 6 млрд 153,4 млн теңге, – деді Сұлтан Амангельдинов. 
Бұдан бөлек, аудандағы құрылыс жұмыстарының көлемі 2 млрд 501,1 млн теңгені құрап, 2 814 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.
Бөлшек сауда айналымы 3 млрд 840 млн теңгеге, көтерме сауда айналымы 250 млн теңгеге жетті.
– Ауданда кәсіпкерлікті қолдау, инвестиция тарту, туризмді дамыту және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету бағытында жұмыстар жүргізілуде. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 31 түріне тұрақты мониторинг жүргізіліп, сауда нысандарымен түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. «Ауыл аманаты» және «Өрлеу» бағдарламалары бойынша ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары өтуде, – деді Сұлтан Мұратұлы.

Жаңа жобалар жүзеге асырылады
Аудандағы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 11 млрд 672,6 млн теңгені, нақты көлем индексі 106,0%-ды құрады.
– Қазір суармалы жерлер көлемін ұлғайтуға ерекше көңіл бөлініп отыр. Бекітілген 4,7 мың гектар суармалы жердің 1,2 мың гектарына суару жұмыстары жүргізілді. Алдағы уақытта 1 362 гектар жерге су үнемдеу технологияларын енгізу бойынша екі жобаны іске асыру жоспарлануда. Сонымен қатар пайдаланылмай жатқан жерлерді ауыл шаруашылығы айналымына тарту, мал шаруашылығының жемшөп базасын нығайту және бордақылау алаңдарының жұмысын жандандыру бағытындағы жұмыстар жалғасуда, – деді аудан әкімінің орынбасары.

Жем зауыты салынады 
Сұлтан Амангельдиновтің сөзінше, Самарда өнеркәсіп өндірісін дамыту, инвестиция тарту және жаңа жобаларды іске асыру назардан тыс қалған жоқ.
– «СГОП» ЖШС байыту фабрикасын жаңғырту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Кәсіпорын тәулік бойы жұмыс істеу режиміне көшті. Бұл өндірістік қуаттылық пен шығарылатын өнім көлемін арттыруға мүмкіндік береді. Ал «Кузьмич» ЖШС балық өңдеу көлемін ұлғайту бағытында жұмыс жүргізуде. 2027 жылға балық және құрама жем өндіретін зауыт салу жоспарланған. Кәсіпорынның балық өңдеу кешенін кеңейту жобасына 1 млрд теңге инвестиция қарастырылды, – деді әкімнің орынбасары.
Сондай-ақ «MOUNTAIN FISH КАРАКОЛ» ЖШС-ның тұщы су форелі мен бекіре тұқымдас балықтарды өсіру жобасына қолдау көрсетіліп жатыр. «СЕРИК И Е» ЖШС Көкжыра ауылында тұщы су балығын өсіру жобасын іске асыруды жоспарлап отыр.
Айта кетейік, Құлынжон кен орнындағы кен өңдеуге арналған алтын өндіру фабрикасын салу бойынша «Каскад-Н» ЖШС жобасы пысықталуда. Кәсіпорынның жобалық қуаттылығы жылына 350 мың тонна кен өңдеуге есептелген. Инвестиция көлемі – 9 млрд теңге.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив