444.16 487.29 5.4
A+ A A-

Самар ауданында 50-ге жуық баспана салынып жатыр

Самар ауданында 50-ге жуық баспана салынып жатыр [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Аудан әкімдігі мәліметінше, көлік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөлінуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Аудан басшысының орынбасары Сұлтан Амангельдиновтің ақпаратынша, туристік аймақтарда көлік қолжетімділігін жақсарту мақсатында «Көкпекті – Самар – Васильев өткелі» тасжолында жөнделіп жатыр.
– Сарыбел және Новостройка ауылдары маңындағы жағажай аумақтары абаттандырылып, санитарлық нысандар желісі кеңейтілуде. Биыл Тарғын – Самар тасжолы бойындағы Шұбарқайың ауылының маңында жаңа санитарлық нысан пайдалануға берілді, – деді ол. 
Биыл халықты ауызсумен қамтамасыз ету үшін инвесторларды тарта отырып, бюджет қаражатын пайдаланбай, ұзындығы 3,2 шақырым магистральдық су құбыры тартылды. Аталған учаске Самар ауылындағы су алу құрылғысын таза су резервуарларымен байланыстырады.
– Келесі кезеңде Көкжота ауылында су құбыры желілерін салу жобасын іске асыру жоспарлануда. Жоба 2027-2028 жылдарға есептелген, құны – 711,4 млн теңге. Ал Самар ауылындағы ұзындығы 6,2 шақырым жылу желілерін қайта жаңғырту және қуаттылығы 10 МВт болатын қазандық салуды қаржыландыру мәселесін пысықтау жоспарлануда, – деді Сұлтан Мұратұлы.
Бұдан бөлек, осы жылы ауданда «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы аясында екі пәтерлі 43 тұрғын үй салынып жатыр.
– Баспаналарды пайдалануға беру және оларды сатып алу рәсімдерін қараша айының соңына дейін аяқтау жоспарланған. Кейін тұрғын үйлерді одан әрі бөлу үшін «Отбасы банк» АҚ-ға беру ұйымдастырылады. Бұл баспанадар әлеуметтік осал топқа жататын азаматтар мен көпбалалы отбасыларға арналған. Жалпы қаңтар-қыркүйек айларында ауданда 2 814 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Алдағы уақытта құрылыс көлемін ұлғайту және аудан халқы үшін баспананың қолжетімділігін арттыру жұмыстары жалғасады, – деді Сұлтан Амангельдинов.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив