444.16 487.29 5.4
A+ A A-

Өскемендегі жаңа жолайырыққа «Мерген» қойылды

Өскемендегі жаңа жолайырыққа «Мерген» қойылды [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Мұнда «Meрген» автоматтандырылған жылдамдықты басқару жүйесі қойылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бұған дейін бұл учаскедегі жол қозғалысы дрон арқылы бақыланды.
- Жол қозғалысы қауіпсіздігін және жылдамдық шегін сақтауды қамтамасыз ету үшін құрылысы жүріп жатқан жолайрықтың жаңа учаскесіндегі Жібек маталар комбинаты шағын ауданы бағытында «Мерген» автоматтандырылған жол қозғалысын басқару жүйесі орнатылды, - делінген ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінде. 
Ұқсас жүйені қала орталығы бағытында, Ертіс өзені арқылы өтетін көпірдің жанында орнату жоспарлануда.
ШҚО Полиция департаменті құрылыс жұмыстарының жүріп жатқанына байланысты жолайрықта рұқсат етілген ең жоғары жылдамдық сағатына 40 км екенін атап өтті.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив