444.16 487.29 5.4
A+ A A-

ШҚО-да бір жылда 2273 жұп ажырасты

ШҚО-да бір жылда 2273 жұп ажырасты [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Ұлттық статистика бюросы 2025 жылы ел бойынша тіркелген ажырасу көрсеткіштерін жариялады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ресми мәліметке сәйкес Шығыс Қазақстан облысында өткен жылы 2273 отбасы некесін бұзды. Бұл көрсеткіш бойынша өңір республикадағы 20 аймақтың ішінде сегізінші орында тұр.
Жалпы, 2025 жылы Қазақстанда 115 985 неке тіркеліп, 45 731 отбасы ажырасқан. Яғни, әрбір 100 некеге шаққанда 39 ажырасудан келеді.
Ажырасу деңгейі бойынша Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қарағанды облыстары алдыңғы қатарда. Солтүстік Қазақстан облысында әрбір 100 некеге 58 ажырасудан келеді. Өткен жылы өңірде 1700 отбасы екі жаққа кеткен. Павлодар облысында бұл көрсеткіш 58-ге тең. Мұнда бір жылда 2564 жұп ажырасты. Ал Қарағанды облысында әрбір 100 некеге 54 ажырасудан келеді. 2025 жылы аймақта 3858 отбасы некесін бұзған.
Шығыс Қазақстан облысында әрбір 100 некеге шаққанда 50 ажырасудан тіркелген. Осы көрсеткіш бойынша өңір 20 аймақтың арасында бесінші орынға жайғасқан.
Ал ажырасудың жалпы саны бойынша көш басында Алматы қаласы тұр. Мұнда бір жылда 5001 жұп ажырасқан. Екінші орында – 4209 ажырасу тіркелген Астана қаласы. Үшінші сатыға 3858 көрсеткішпен Қарағанды облысы жайғасқан.
Ажырасу саны ең аз өңірлердің қатарында Ұлытау және Батыс Қазақстан облыстары бар. Ал әрбір 100 некеге шаққандағы ажырасу көрсеткіші ең төмен өңірлер – Алматы және Түркістан облыстары.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив