444.16 487.29 5.4
A+ A A-

ШҚО-да 100-ден астам онлайн казино мен қаржы пирамидасы бұғатталды

ШҚО-да 100-ден астам онлайн казино мен қаржы пирамидасы бұғатталды [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Биыл ШҚО Экономикалық тергеп-тексеру департаменті 155 зиянды сілтемені бұғаттауға жәберді. Оның 124-і бұғатталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Мамандар жарнамалық ойын платформаларын да бақылауда. CyberSupervision жүйесіне онлайн казино белгілері бар 41 сілтеме және жарнама белгілері бар 103 сілтеме қосылды.
2025 жылы лотерея заңнамасын бұзғаны үшін 17 адам ҚР ӘҚБтК-нің 445-1-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. Биыл 3 адамға әкімшілік жаза қолданылып, 1 млн теңгеден астам айыппұл салынды.
Анықталғандай, тағы бір адам заңсыз лотерея қызметіне қатысты ӘҚБтК 445-1-бабының 6-бөлігі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды. 
Облыста қаржы пирамидалары мен заңсыз крипто биржаларының белгілері бар тағы 300 веб-сайт бұғатталды.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив