444.16 487.29 5.4
A+ A A-

Самар ауданында келер жылы екі ауылға интернет тартылады

Самар ауданында келер жылы екі ауылға интернет тартылады [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Аудан әкімінің орынбасары Сұлтан Мұратұлының айтуынша, 2027 жылға арналған жоспарлар қатарында инвестициялық тартымдылықты арттыру, ауыл шаруашылығы мен туризмді дамыту бар, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Одан бөлек, инфрақұрылымды жаңғырту мен халықтың өмір сүру сапасын жақсарту да күн тәртібінде тұр. Мәселен, Сәтбаев тау-кен байыту кәсіпорнын жыл бойы жұмыс істеу режиміне ауыстырып, өндіріс көлемін арттыру көзделген.
– Тұрғын үй құрылысын ұлғайтып, елдімекендердің интернетке қолжетімділігін кеңейту де – маңызды міндет. «Қолжетімді интернет» жобасы аясында 2027 жылы Жаңажол және Қараөткел ауылдарын интернет желісіне қосу жоспарлануда. Әлеуметтік салада педагогтер тапшылығын азайту, медициналық қызметтердің сапасын арттыру, аурулардың алдын алу және оларды ерте анықтау жұмыстары жалғасады, – деді Сұлтан Мұратұлы.

Фотосурет: bizdinoskemen.kz сайты

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив