444.16 487.29 5.4
A+ A A-

Елімізде соңғы жеті жылда 281 жатақхана бой көтерді – Тоқаев

Елімізде соңғы жеті жылда 281 жатақхана бой көтерді – Тоқаев [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Қасым-Жомарт Тоқаев ғылымды қаржыландыру көлемі айтарлықтай ұлғайып, 590 миллион долларға жеткенін атап өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

- Білімге негізделген экономика құру азаматтарымыздың ұзақмерзімді конституциялық міндетіне айналды. Қазіргі және одан кейінгі үкіметтер оны тиісті деңгейде орындауға тиіс. Бүгінде Қазақстанда 132 университет бар. Онда 800 мыңнан астам студент білім алады. Соңғы жеті жылда Үкімет білім беру гранттарына бөлген қаржының көлемі екі есе көбейіп, 3,4 миллиард долларға жетті. Сондай-ақ ұдайы артып келе жатқан сұранысты өтеу үшін елімізде 281 студент жатақханасы бой көтерді. Бұл шаруа алдағы уақытта да жалғасады. Бұдан бөлек, соңғы жылдары еліміздегі ғылымды қаржыландыру көлемі айтарлықтай ұлғайып, 590 миллион долларға жетті, - деді Президент.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив