448.72 493.86 5.49
A+ A A-

Өскеменде мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты өтеді

Өскеменде мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты өтеді [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

21-23 қараша аралығында Б.Александров атындағы спорт сарайында жастар арасында мәнерлеп сырғанаудан чемпионат ұйымдастырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бұл жарыста бұған дейінгі республикалық біріншіліктерде жүлделі орындарға ие болған мәнерлеп сырғанаушылар шаһар намысын қорғайды. Атап айтқанда, Джахонгир Әбілқасымов – спорттық разряд бойынша Қазақстан чемпионатының қазіргі жеңімпазы. Биыл ол спорт шеберлігіне үміткерлер санатына ауысты.  Мария Сосновская – 2025 жылғы Қазақстан жастар чемпионатының күміс жүлдегері әрі ел чемпионы. Ол алдағы жарыста да жүлделі орындардан көрінуге үміткер. Семен Резник өткен жылғы жастар біріншілігінде спорт шеберлігіне үміткерлер санатында қола жүлдеге ие болған. Ал София Мұхаметқайырова – өңірдегі мәнерлеп сырғанаудан шыққан тұңғыш спорт шебері. Ол да турнирдің жоғары жас санатындағы үздік спортшылардың қатарында.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, туған қалада өнер көрсету спортшылар үшін ерекше мақтанышпен қатар үлкен жауапкершілік жүктейді. Сондықтан жергілікті жанкүйерлердің қолдауы жас спортшылар үшін аса маңызды.
Жарыс өтетін орын: Б. Александров атындағы спорт сарайы (Абай даңғылы, 2).
Жарыс кестесі: 21 қазан – 12:00–18:15;
22 қараша – 10:00–18:00;
23 қараша – 10:00–17:30.
Кіру тегін.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив