444.16 487.29 5.4
A+ A A-

Цифрлық білім және инженерлік ойлау: «Әділет» партиясының кандидаттары IT-лицей педагогтерімен білім берудің болашағын талқылады

Цифрлық білім және инженерлік ойлау: «Әділет» партиясының кандидаттары IT-лицей педагогтерімен білім берудің болашағын талқылады [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Жаңа буын мамандарын даярлау, оқушылардың инженерлік ойлау қабілетін дамыту және білім беру үдерісіне цифрлық технологияларды енгізу мәселелері облыстық мәслихат депутаттығына партиялық тізіммен ұсынылған кандидаттар Зоя Новолодская мен Жанна Сагандыкованың Өскемен қаласындағы IT-лицей ұжымымен кездесуінде кеңінен талқыланды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Кездесудің негізгі өзегі - партияның 2026-2031 жылдарға арналған өңірлік сайлауалды бағдарламасында көзделген білім беру саласын дамыту басымдықтары. Онда технологиялық өзгерістер мен экономиканың болашақ сұраныстарын ескере отырып, мектептегі білім мазмұнын жаңғыртуға ерекше мән берілген.
Бағдарламада Өскемен қаласында физика, математика және информатика пәндерін тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған инженерлік мектеп ашу қарастырылған. Сонымен қатар оқушылардың тәжірибелік дағдыларын қалыптастырып, заманауи технологияларды меңгеруіне мүмкіндік беретін 51 STEM-кабинет сатып алу жоспарланған.

 
Білім беру жүйесіне жасанды интеллект технологияларын енгізу де бағдарламаның маңызды бағыттарының бірі. Жоспарға сәйкес, 2031 жылға қарай жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдаланатын жалпы білім беретін мектептердің санын 215-тен 347-ге дейін арттыру көзделіп отыр.
Зоя Новолодская білім беруді цифрландыру ең алдымен оқушылардың іргелі білімін нығайтумен қатар жүруі керектігін атап өтті.
– Бүгінде цифрлық технологиялар өмірдің барлық дерлік саласына еніп жатыр. Сондықтан оқушылардың заманауи құрылғылар мен бағдарламаларды пайдалана білуі ғана жеткіліксіз. Олар математика, физика және информатика пәндері бойынша терең білім алып, алған білімін тәжірибеде қолдана алуы керек. Инженерлік және STEM-білім беруді қолдау - болашақ экономикасына қажетті білікті мамандарды даярлауға жасалған маңызды қадам», – деді кандидат.
Ал Жанна Сагандыкова сапалы білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету және әр баланың қабілетін ашуға жағдай жасау мәселесіне тоқталды. Оның айтуынша, бұл үшін мектептердің материалдық-техникалық базасын жаңғыртумен шектелмей, педагогтердің кәсіби біліктілігін жүйелі түрде арттыру, тәжірибеге бағытталған оқытуды дамыту және білім мазмұнын еңбек нарығының сұранысына сәйкестендіру қажет.

 
– Сапалы білім әр балаға тұрғылықты жеріне немесе отбасындағы жағдайына қарамастан қолжетімді болуға тиіс. Мектептің міндеті – тек білім беру емес, оқушының қабілетін танып, болашақ мамандығын саналы таңдауына және өмірде қажет болатын дағдыларды меңгеруіне жол ашу. Бағдарламамызда көзделген бастамалар осы мүмкіндіктерді қалыптастыруға бағытталған. Өңір тұрғындарын «Әділет» партиясын қолдауға және әр баланың дамуына кең жол ашатын болашақты бірге қалыптастыруға шақырамын, – деді Жанна Сагандыкова.

Дайындаған: «Әділет» партиясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: Мекеева Ж.Ж
«Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарын сайлауда» партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ-ның сайлау қорынан төленді.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив