444.16 487.29 5.4
A+ A A-

Қазақстандықтар тапқан табысын ұзақ мерзімді депозиттерге сала бастады

Қазақстандықтар тапқан табысын ұзақ мерзімді депозиттерге сала бастады [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Бұл туралы Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Қор 2026 жылдың үшінші тоқсанындағы жеке тұлғалардың депозит нарығына арналған шолу жасады. Ресми мәліметке сүйенсек, 2026 жылдың үшінші тоқсанында Қазақстандағы жеке тұлғалардың теңгедегі депозиттерінің көлемі 1 трлн теңгеден астамға немесе 4,3% өсті. Бұл ретте мерзімді салымдар ең жоғары өсім көрсеткен депозит түріне айналды. 3 айда олардың көлемі 787,6 млрд теңгеге артты.

Қордың мәліметінше, үшінші тоқсандағы экономикалық жағдай халықтың банктік салымдарының өсуіне ықпал еткен. Инфляцияның баяулауы аясында мөлшерлемесі жоғары салымдарға сұраныс бір тоқсанда 14%-ға жуық өсті.

Банктер базалық мөлшерлеменің төмендеуіне қарамастан, бөлшек депозиттер нарығындағы бәсекелестікке байланысты салымдар бойынша жоғары табыстылық ұсынуды жалғастырған. Ал халық банк жүйесіне деген сенімін сақтап, теңгедегі шоттарындағы қаражат көлемін ұлғайтқан.

Валюталық депозиттердің көлемі негізінен тұрақты болған. Олардың өзгерісі көбіне айырбас бағамының қайта бағалануына байланысты тіркелген.

Сонымен қатар теңгелік салымдардың өсуі және валюталық депозиттер базасының тұрақтылығы нәтижесінде экономикадағы долларлану деңгейі тарихи минимумға дейін төмендеді. Үшінші тоқсанның қорытындысы бойынша көрсеткіш 1,9 пайыздық тармаққа азайып, 17,9%-ды құрады.

Мерзімді депозиттер жылдам өсті

ҚДКБҚ дерегінше, бөлшек депозиттер нарығында жаппай сегмент негізгі үлесін сақтап отыр. Ал нарықтың өсуіне орта және ірі салымдар сегменттері көбірек үлес қосқан.

Талап етілмелі депозиттер жоғары өтімділігіне байланысты халық арасында танымал құрал болып қала береді. Дегенмен үшінші тоқсанда өсім қарқыны бойынша мерзімді салымдар көш бастады.

Атап айтқанда:

Мерзімді депозиттердің көлемі 787,6 млрд теңгеге немесе 13,8% өсті.
Жинақ депозиттері 134,2 млрд теңгеге немесе 5,3% артты.
Осының нәтижесінде бөлшек депозиттер портфеліндегі тұрақты қорландыру құралдарының үлесі 33,8%-ға жетті.

Қор шолуында ақша-кредит саясаты сигналдарының депозиттік мөлшерлемелерге әсері біркелкі болмағаны да атап өтілген. Атап айтқанда, депозит түрлеріне қарай пайыздық мөлшерлемелердің өзгеріске сезімталдығы түрлі болған.

- Мұндай депозиттердің танымал болуына олардың жоғары табыстылығы себеп: жоғары мөлшерлемені бекіту үшін салымшылар қаражатты мерзімінен бұрын шешіп алу шектеулеріне келісуге дайын, өйткені қатаңдау шарттар жоғары табыспен толық өтеледі. Инфляция төмендеген сайын баға өсімін шегергендегі мұндай құралдардың табыстылығы арта түседі, бұл салымшылар үшін оң спредтің өскенін айқын көрсетеді. Өз кезегінде банктер банкаралық бәсекелестік жағдайында ресурстық базасының болжамдылығы мен тұрақтылығын сақтау үшін пайыздық шығыстарды көбірек көтеруге әзір, – деді сарапшылар.

ҚДКБҚ салымшылардың тәуекелдерін өтеу үшін кепілдік берілетін депозиттер көлемінің 5%-ынан асатын деңгейде арнайы резерв ұстайды. 2026 жылғы қыркүйектің соңында қор көлемі 1,795 трлн теңгеге немесе 5,9%-ға жетті.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив