448.72 493.86 5.49
A+ A A-

ШҚО-да үлескерлердің 1,2 млрд теңгесін жұмсап тастаған құрылыс компаниялары сотқа тартылады

ШҚО-да үлескерлердің 1,2 млрд теңгесін жұмсап тастаған құрылыс компаниялары сотқа тартылады [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Өңірде пәтер сатып алушылардан түскен қаражатты тұрғын үй құрылысына емес, жеке мақсаттарына жұмсаған құрылыс компаниялары сот алдында жауап береді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Тергеудің аяқталғаны туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ШҚО бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті Тергеу басқармасының басшысы Қуат Рахымбаев мәлімдеді.

- Үлескерлердің қаражатын мақсатсыз пайдалану дерегі бойынша құрылыс компанияларына қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды. Заңсыз жолмен алынған қаражат көлемі 1,2 млрд теңгені құрады, - деді Қуат Рахымбаев.

Енді айыпталушылардың әрекетіне құқықтық бағаны сот береді. Сондай-ақ зардап шеккен азаматтарға келтірілген шығынды өтеу тәртібі де сотта айқындалады.

Осы ретте, ведомство өкілдері өңір тұрғындарына салынып жатқан үйден пәтер сатып алмас бұрын құрылыс компаниясының әкімдіктен үлескерлердің қаражатын тартуға берілген ресми рұқсаты немесе тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторының кепілдігі бар-жоғын тексеруге кеңес береді.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив