Қазақстан заңнамасы бойынша 16 жасқа толған әр адам жеке басын куәландыратын құжатты рәсімдеуге міндетті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жеке куәлік мемлекеттік қызметтерді алу, түрлі құжаттарды рәсімдеу және күнделікті өмірдегі көптеген мәселелерді шешу үшін қажет.
ШҚО Көші-қон қызметінің өкілдері әртүрлі себептермен жеке басын куәландыратын құжаты жоқ азаматтарға көмек көрсетіп келеді. Әсіресе жеке куәлікті алғаш рет алатындарға және құжат рәсімдеу барысында қиындықтарға тап болғандарға ерекше көңіл бөлінеді.
ШҚО Полиция департаментінің өкілдері жеке басты куәландыратын құжаттың болмауына бейжай қарамауға шақырады. Егер азамат осы уақытқа дейін жеке куәлік алмаған болса немесе оны рәсімдеуде қиындықтар туындаса, кеңес пен көмек алу үшін тұрғылықты жері бойынша көші-қон қызметіне жүгінуі қажет.
Қосымша ақпарат алу үшін 8 (7232) 23-42-46 нөміріне хабарласуға болады.
Пікірлер