444.16 487.29 5.4
A+ A A-

Өскеменде астыртын жұмыс істеген спирт зауыты жабылды

Өскеменде астыртын жұмыс істеген спирт зауыты жабылды [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Облыс орталығында үйде жасалған алкоголь өнімдерін танымал бренд ретінде ұсынған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Тексеру барысында қоймадан күмәнді алкоголь және бөтелкеге құюға арналған заңсыз жабдықтар табылды.
Белгілі болғандай, алкогольді заңсыз өндірумен, сақтаумен және сатумен тұтас бір топ айналысқан. Өнімдер белгілі брендтердің атын жамылып, жалған бақылау маркаларын пайдаланып бөтелкелерге құйылған.
Тінту кезінде полиция қызметкерлері төрт қойманы жауып тастады. Олар заңсыз айналымнан 26 тонна алкоголь бар сұйықтықты, оның ішінде 16,5 тонна таза алкогольді тәркіледі.
Сонымен қатар құқық қорғау органдарының қызметкерлері дайын өнімдерді, жалған бақылау маркаларын және үйде жасалған сусындарды өндіру мен бөтелкелерге құюға арналған жабдықтарды тапты. 
Тергеу аясында заңсыз әрекетте пайдаланылған жүк көліктері де тәркіленді. Үш Renault және Isuzu жүк көлігі мемлекетке қайтарылды. Олардың жалпы құны 50 миллион теңгеден асады.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив