18 қараша күні сағат 12:59-да Есенберлин даңғылынан шығатын айналма жолда екі Lada көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Lada 21725 көлігінің жүргізушісі солға бұрылып бара жатқанда қарсы келе жатқан Lada 21214 көлігіне жол бермей, нәтижесінде соғылған. Соқтығысу салдарынан екінші көлік аударылып кетті.
Lada 21214 жүргізушісі жабық бас жарақаты және ми шайқалуымен ауруханаға жеткізілді.
Lada 21725 жүргізушісі ҚР ӘҚБтК 610-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 86 500 теңге айыппұл салынды.
Пікірлер