Қазақстан футболында клубтарды коммерцияландырып, оларға жеке инвестиция тарту жалғасып жатыр. Сондай ұжымдардың қатарына «Алтай Өскемен» клубы да енді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
17 қарашада Қазақстан Премьер-лигасындағы орнын сақтап қалған өскемендік команда мен «AN Groups» ЖШС арасында келісімшартқа қол қойылды. Келісім аясында жеке инвестор клуб құрылтайшысы құрамына кіріп, қосымша инвестиция тартуға, қаржыландыруға, сондай-ақ материалдық-техникалық базасы мен футбол инфрақұрылымын дамытуға атсалысады.
«AN Groups» ЖШС – құрылыс саласындағы ірі компания. Жеке инвестордың клубты дамытуға қатысуы инвестиция тартып, оның қаржылық тұрақтылығын нығайтуға мүмкіндік ашады.
Осылайша, «Алтай Өскемен» жеке инвестор тартқан қазақстандық клубтар қатарына қосылды. Мұндай жаңашылдықтар клуб инфрақұрылымын дамытып, алдағы жоспарларын жүзеге асыруға бағытталмақ.
Дереккөз: goalkz_official
Пікірлер