455.12 498.99 5.55
A+ A A-

Полиция талабына бағынбаған ШҚО тұрғыны 30 тәулікке қамалды

Полиция талабына бағынбаған ШҚО тұрғыны 30 тәулікке қамалды [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Шемонаиха ауданындағы елдімекендердің бірінде патрульдеу кезінде тәртіп сақшылары 21 жастағы жігіт басқарған көлікті тоқтатуға белгі берген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Дегенмен жүргізуші тәртіп сақшыларының заңды талабына бағынбай, қозғалысын жалғастырған. Осыған байланысты полицейлер оның соңынан қуып, көлікті тоқтатты. Тұрғынның әрекеттерінен ішкені байқалған. Медициналық куәландыру нәтижесінде оның орташа дәрежеде мас күйде болғаны расталды.

Содан Шемонаиха аудандық соты шешімімен жүргізуші 30 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Дереккөз: ШҚО ПД

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив