Тоқты
Жіберген қателіктеріңіз болса, түзеп, соған іштей талдау жасаңыз. Еңбек демалысыңыз таяу болса, осы бастан жоспарлап, қажет десеңіз билет те алып қойыңыз. Егде жастағы туыстарыңыздың хал-жағдайын біліп қойсаңыз артық етпейді.
Торпақ
Отбасы құру мәселесіне келгенде нақты шешім қабылдаған жөн. Оған не ұсыныс жасаңыз, не ұнатқан адамыңыздың босқа уақытын алмаңыз. Мұндайда достарыңызды емес, өз жүрегіңізді тыңдаңыз. Қазір қарыз беруге қолайсыз кезең.
Егіздер
Эмоция жағынан ашушаң болуыңыз мүмкін. Бұған жұмыстағы тұрақсыздық себеп болуы ықтимал. Суық тиюдің белгілері байқалса, барлығын ысырып қойып тыныққаныңыз жөн. Қазір ауада да зиянды заттар бар.
Шаян
Апта ортасында күтпеген хабар естуіңіз мүмкін. Түрлі кездесулер мен басқосуларға шақырып, мақтауыңызды асырады. Осы аралықта жұмыс жағынан тиімді ұсыныс түсуі ғажап емес, мүмкіндікті жіберіп алмаңыз.
Арыстан
Алмағайып кезеңдердің бірі. Бүгін өзіңіз күтпеген сыйлық алсаңыз, ертең ойламаған жерден әлдебір жағдай көңіл-күйіңізді түсіреді. Барлығын қаз-қалпы қабылдасаңыз, өткеруіңіз де оңайға түседі.
Бикеш
Қазір кімдермен араласып, ой бөлісе алатындығыңызды жақсылап анықтап алыңыз. Сүйіктіңізге еш дауыс көтермей, қайта жылы сөздеріңізді жаудыра түсіңіз. Демалыс күндері таза ауада серуендеп қайтқаныңыз дұрыс.
Таразы
Қазір жұмысты бірінші орынға қоясыз. Бұл да жаман емес, бір жағынан мансап баспалдағымен өрлеуге мүмкіндік аласыз. Дегенмен отбасын да қаперден шығармаңыз, әйтпесе жоқ жерден ұрыс-керіс болуы ғажап емес.
Сарышаян
Әлдебір жаңа дүниелерді қолға алуыңыз мүмкін, нәтижесінде ойыңыз мүлде басқа жаққа ауады. Қазір жаңа достар мен әріптестер табуға қолайлы кезең. Шақырылған жерлерден қалмауға тырысыңыз.
Мерген
Жақын күндері ұсақ-түйек шаруалар шығып, бос уақытыңыздың барлығы соған жұмсалады. Жолға шыққанда абай болыңыз. Қазір жақсылық жасауға асығыңыз, түбі оң нәтиже берері сөзсіз.
Тауешкі
Айналаңыздағы адамдарға жәрдем беруге мүмкіндігіңіз болады. Қолұшын бересіз бе, әлде бас тартасыз ба, оған шешім қабылдау өз еркіңізде. Неғұрлым маңызды нәрселерді жоспарлаңыз, бірі болмаса, бірі орындалары хақ.
Суқұйғыш
Бастаған ісіңізді соңына дейін жеткізу үшін сабырлы болғаныңыз жөн. Көп жағдайда ойлаған дүниелеріңіздің барлығы дерлік орындалмауы мүмкін. Асқазаны ауырып жүрген Суқұйғыштарға дәрігерлерге қаралуға қолайлы уақыт.
Балықтар
Үйдегі тірліктерге көңіл бөлуді ұмытпаңыз. Барлығын ысырып, осыған назар аударсаңыз, апта соңында оң нәтижесін байқайсыз. Көмек қолын созған адамдардың барлығына сене беруден сақ болыңыз.
Пікірлер