455 498.77 5.56
A+ A A-

Оқушылардың қысқы каникул уақыты өзгерді

Оқушылардың қысқы каникул уақыты өзгерді [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Қысқы каникул 14 күнге созылып, 2027 жылғы 10 қаңтарға дейін жалғасады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Бекітілген кестеге сәйкес, оқушылар 28 желтоқсаннан бастап демалады. Ал сабақ 2027 жылғы 11 қаңтарда қайта басталады.

Бірінші сынып оқушылары үшін қосымша қысқы демалыс қарастырылған. Олар 2027 жылғы 8-14 ақпан аралығында тағы жеті күн демалады.

Бұдан бөлек, желтоқсанда оқушыларды мерекелік демалыс күні күтіп тұр. 16 желтоқсанда Қазақстан Тәуелсіздік күнін атап өтеді. 2026 жылы мереке сәрсенбіге сәйкес келеді, сондықтан демалыс күндерін ауыстыру жоспарланбаған.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив