21 қарашада Алматы – Өскемен тасжолының 302-шақырымында DAF жүк көлігі өртенді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
Полиция мәліметінше, көлік қозғалыс кезінде жүк көлігінің алдыңғы бөлігі тұтанған. Кабинада тек жүргізуші болған. Ол зардап шеккен жоқ.
Оқиға орнында тиісті қызметтер жұмыс істеп жатыр. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Пікірлер