Аудан прокуратурасы жүргізген талдау инвестициялық жобаны іске асыру үшін берілген 5 жер учаскесінің ұзақ уақыт бойы нысаналы мақсатына сай пайдаланылмағаныy анықтады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Биыл тамыз айында ЖШС иесі бизнес-бастаманы дамытудан бас тартты. Бұл шешімді кәсіпорын өз бетінше қабылдаған және ол әкімшілік кедергілермен байланысты емес. Алайда нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған бөлінген жерлер мемлекетке қайтарылмаған.
Прокурорлық қадағалау шараларымен құны 180 млн теңге болатын жалпы ауданы 2 930 гектар жер учаскелерінің мемлекет меншігіне қайтарылуы қамтамасыз етілді.
Жер қатынастары саласында заңдылықты қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда.
Пікірлер