20 қарашада Веселов ауылдық округіне қарасты Веселовка ауылында жаңа ветеринариялық пунктің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жаңа нысан ауыл тұрғындарына ветеринариялық қызметтерді тұрғылықты жеріне жақын жерде алуға, профилактикалық іс-шараларды уақтылы жүргізуге, үй жануарлары мен ауыл шаруашылығы жануарларының жағдайына тиісті ветеринариялық бақылау жасауға мүмкіндік береді.
Ветеринариялық инфрақұрылымды дамыту ауылдық елдімекендер үшін ерекше маңызға ие. Себебі мал шаруашылығы ауыл тұрғындарының негізгі кәсіптерінің бірі әрі көптеген отбасының табыс көзі болып табылады.
2026 жылға арналған жоспар аясында облыста 32 ветеринариялық пункт, үш аудандық ветеринариялық станция және 25 мал қорымын салу көзделген. Бүгінде жоспарланған нысандардың 70 пайыздан астамы пайдалануға беруге дайын.
Аталған шараларды іске асыру ветеринариялық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға, эпизоотиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және ауыл тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.
Веселовка ауылында ветеринариялық пунктің ашылуы – ауыл инфрақұрылымын дамытуға және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған кезекті маңызды қадам.
Пікірлер