455 498.77 5.56
A+ A A-

ШҚО-да алдағы күндері жауын-шашын мен көктайғақ күтіледі

ШҚО-да алдағы күндері жауын-шашын мен көктайғақ күтіледі [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Қазгидромет 24-26 қарашаға арналған ел аумағы бойынша ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Алдағы күндері Қазақстан аумағы арқылы солтүстік-батыс циклондар сериясы өтеді. Соның әсерінен елдің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын күтіледі. 

24 қарашада Қазақстанның шығысы мен оңтүстік-шығысының жекелеген аудандарында қатты жауын-шашын болжанады. Елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында көктайғақ құбылыстары күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі мен тұман болжанады.

Ауа температурасы фонында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді. 

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив