Ата-аналардың шағымынан кейін бірнеше білім ордасының маңындағы көше жарығы ретке келтірілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бұған дейін қала әкімі Алмат Ақышов жарықтандырылмаған учаскелерде көше шамдарын қалпына келтіруді тапсырған болатын. Бұған №48, 36, 35, 11, 4 және басқа да мектептердің жанындағы жарық шамдарының істен шыққаны туралы ата-аналардың өтініштері себеп болған.
Қала әкімдігінің мәліметінше, №36 мектептің маңындағы шамдар толығымен ауыстырылды. Ал №4 мектептің жанында жаңа жарық бағандары орнатылды. Сонымен қатар №35 мектеп оқушыларының ата-аналары да атқарылған жұмыстардың нәтижесіне алғыстарын білдіруде.
Пікірлер