455.12 498.99 5.55
A+ A A-

Елде маусым басталғалы 1,4 млн-нан астам ЖРВИ жағдайы тіркелді

Елде маусым басталғалы 1,4 млн-нан астам ЖРВИ жағдайы тіркелді [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Қазақстанда жіті респираторлық вирустық инфекциялармен (ЖРВИ) сырқаттанушылықтың төмендеуі байқалады. Соңғы аптада ЖРВИ жағдайларының саны 6,8%-ға азайған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Ал эпидемиялық маусым басталғалы бері сырқаттанушылық өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 28,3%-ға төмен.

Денсаулық сақтау министрлігінің дерегі бойынша соңғы аптада елімізде ЖРВИ-дің 133 052 жағдайы тіркелген. Эпидемиялық маусым басталғалы бері жалпы 1 453 967 жағдай анықталған.
Республикадағы эпидемиологиялық жағдай күзгі кезеңге тән маусымдық деңгейге сәйкес келеді. Мамандар респираторлық вирустардың таралуы мен сырқаттанушылық деңгейіне апта сайын мониторинг жүргізуді жалғастырып жатыр.

1 қыркүйектен бастап зертханалық жолмен тұмаудың 297 жағдайы расталды. Оның 295-і – A(H1N1) вирусы, ал 2 жағдай – B типті тұмау. Басқа респираторлық вирустар арасында риновирустар, бокавирустар және аденовирустар басым анықталып жатыр.

Қазақстанда тұмауға қарсы 2 миллионнан астам адам вакцинациялаудан өтті. 2 065 649 адам вакцина алған, бұл жоспарланған қамтудың 93,9%-ын құрайды. Вакцина еліміздің барлық өңірінде қолжетімді.

Республикада инфекциялық аурулармен ауыратын пациенттерге медициналық көмек көрсету үшін 13 335 инфекциялық төсек-орын дайындалған. Қазіргі уақытта олардың 63%-ы, оның ішінде балаларға арналған төсек-орындардың 69,4%-ы қамтылған.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив