Шемонаиха ауданында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіруге арналған ардагерлер активімен кездесу өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Кездесуде «Әділет» партиясы Шемонаиха аудандық филиалының төрағасы Анастасия Тиц Жолдауда белгіленген негізгі міндеттер, алдағы өзгерістер мен ел дамуының басым бағыттары туралы баяндады. Сонымен қатар әлеуметтік қолдау шаралары, аға буын өкілдерінің әл-ауқатын арттыру және оларға жан-жақты қамқорлық көрсету мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Анастасия Тицтің айтуынша, Мемлекет басшысының Жолдауында көтерілген бастамалар қоғамның барлық буыны үшін маңызды. Әсіресе, аға буын өкілдерінің өмір сапасын жақсарту, олардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету және қоғамдық өмірге белсенді араласуына жағдай жасау – маңызды міндеттердің бірі.
Ол ардагерлердің ел дамуына қосқан үлесі зор екенін атап өтіп, олардың өмірлік тәжірибесі мен ақыл-кеңесі жас ұрпақ үшін әрдайым құнды екенін жеткізді. Кездесу барысында қатысушылар Жолдауда айтылған бастамаларды жүзеге асыру, әлеуметтік саясатты жетілдіру және өңірдің одан әрі дамуы жөнінде пікір алмасты.
Пікірлер