455 498.77 5.56
A+ A A-

Қатонқарағай қонақүйлері тынығушыларға лық толы: статистика ауданды үздік үштікке енгізді

Қатонқарағай қонақүйлері тынығушыларға лық толы: статистика ауданды үздік үштікке енгізді [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Өңірде туристер ағыны азайғанымен, туристік нысандар көрсететін қызмет көлемі өсіп отыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Ұлттық статистика бюросы мәліметінше, алғашқы жартыжылдықта Қатонқарағай курорттық аймағы қонақүй нөмірлерінің толымдылығы бойынша Қазақстандағы үздік үштіктен көрінді. Бұл кезеңде мұндағы нөмірлердің орташа есеппен 37,6 пайызы пайдаланылған.

Бұл көрсеткіш бойынша Қатонқарағайдан жоғары тұрған екі аймақ бар. Олар – Абай облысындағы Алакөл курорттық аймағы (40,1%) және Алматы тау кластері (39,7%). Жалпы, елдің курорттық аймақтарында көрсетілген қызмет көлемі 11,4 пайызға артып, 91,2 млрд теңгеге жеткен. Сонымен қатар Алтай курорттық аймағы да демалушылар арасында сұранысқа ие бағыттардың бірі ретінде аталды.

Ал Шығыс Қазақстандағы туристік ахуал қалыпты емес. Облыстық Туризм басқармасы мәліметінше, биыл алғашқы жарты жылда өңірге 195,6 мың турист келген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,8 пайызға аз. Сонымен қатар туристерді орналастыру орындарының саны артқан. Атап айтқанда, қонақүйлер, демалыс базалары мен өзге де орналастыру нысандарының саны 383-тен 447-ге дейін көбейген. Ал көрсетілген қызмет көлемі 23,8 пайызға өсіп, 5,2 млрд теңгеге жетті.

Фото: yk.kz

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив