Бүгін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында Үлкен Нарын ауданындағы ауылдық инфрақұрылымды дамыту және ветеринариялық қызметтердің қолжетімділігін арттыру бағытында маңызды жұмыстар атқарылуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Алтынбел, Новополяковка және Солоновка ауылдарында жаңа ветеринариялық пунктеп ашылып, тұрғындардың игілігіне пайдалануға берілді.
Жаңа нысандар ауыл тұрғындарына ветеринариялық қызметтерді тұрғылықты жеріне жақын жерде алуға, ауыл шаруашылығы жануарларын уақтылы тексеруден өткізуге және қажетті профилактикалық шараларды жүргізуге мүмкіндік береді.
Үлкен Нарын ауданының экономикасында ауыл шаруашылығы, соның ішінде мал шаруашылығы ерекше орын алады. Осыған орай ветеринариялық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру - мал басының саулығын сақтау, жұқпалы аурулардың алдын алу және шаруашылықтардың тұрақты дамуын қамтамасыз етудің маңызды шарттарының бірі.
Жаңа ветеринариялық пункттердің ашылуы ауылдық елдімекендердің инфрақұрылымын жақсартуға, ветеринариялық қауіпсіздікті нығайтуға және ауыл тұрғындарына көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға бағытталған.
Бұл бастама - ауылдарды дамытуға, аграрлық саланы қолдауға және тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған игілікті істердің жарқын көрінісі.
Пікірлер