455 498.77 5.56
A+ A A-

Күршім ауданында алты мал бордақылау алаңы ашылмақ

Күршім ауданында алты мал бордақылау алаңы ашылмақ [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Аудан әкімдігі мәліметінше, қазір осы үшін алты жер учаскесін бөлу қарастырылып отыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Күршімдегі жеті ауылдық округтің барлығында дерлік мал шаруашылығы бірқалыпты дамып келеді. Дегенмен кей ауылда бұған ерекше басымдық берілген. Осы сенбіде Өскеменде өткен жәрмеңкеге Қалғұты ауылдық округінен қой, жылқы, ірі қара еті, Абай ауылдық округінен ірі қара еті молынан жеткізілді. Бір айта кетерлігі, Қалғұты, Бурабай, және Күршім ауылдық округінің кәсіпкерлері мал бордақылайды. Қалғұты ауылдық округінің өзінде жылына 7-8 мың бас қой сойылып, Шымкент пен Өзбекстан қалаларына жеткізіледі. Кейде өздері сойып алып кететін көрінеді. 
– Алты жер учаскесі мал бордақылау алаңы үшін конкурсқа шығарылады. Соның нәтижесін күтеміз. Бұйырса, аудан аумағында тағы алты мал бордақылау алаңы ашылмақ, – деді аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Ришат Искаков.

Әділхан ЕСІМХАНОВ
Фото: ЖИ

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив