Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, өткен жылы аймақ жолдарында 47 адам қаза тапса, биыл 34 адам ажал құшқан, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Полиция бұл нәтижелерге құқық қорғау шараларын күшейту арқылы қол жеткізді.
– Жыл басталғалы 1100-ге жуық мас жүргізуші ұсталды. Қарсы жолаққа шығып кетудің 550-ден астам дерегі анықталып, 1200-ден астам жүргізуші куәлігі тартып алынды. Бұл шаралар ауыр зардаптардың алдын алды, – деді Полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің бастығы Орал Рыспаев.
Пікірлер