455 498.77 5.56
A+ A A-

Елде автокөлік бөлшектерін шығаруда қандай жетістік бар

Елде автокөлік бөлшектерін шығаруда қандай жетістік бар [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Соңғы үш жылда машина жасау саласының өндіріс көлемі 22,4% өсті. Бұл туралы ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

— Өңдеу өнеркәсібінің қарқынды дамып келе жатқан маңызды бағытының бірі — машина жасау саласы. Соңғы үш жылда саланың өндіріс көлемі 22,4% өсіп, 5,8 трлн теңгеге жетті. Өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі 17%-дан асты. Саланың 40%-ы автомобиль өндірісіне тиесілі. Сондықтан бұл бағытта өндірісті локализациялау мен қосалқы бөлшектерді елімізде шығаруға басымдық беріліп отыр. Кәсіпорындар арасындағы кооперацияны нығайту және өнеркәсіп кластерін құруға бағытталған қолдау шараларының арқасында автокомпоненттер шығаратын жаңа өндірістер іске қосылды. Атап айтқанда, Саран қаласында шина өндірісі жолға қойылды. Алматы қаласында жүк көліктеріне арналған бөлшектер, мультимедиялық жүйелер, автокөлік орындықтары шығарыла бастады. Сондай-ақ, Qarmet-те өндірілетін болаттан автобус кузовының бөлшектерін штамптау өндірісі игерілді, — деді деді Ерсайын Нағаспаев. Құрылтайда «Өңдеуші секторды ынталандыру және офтейк-келісімшарттарды енгізу туралы» тақырыбында өтіп жатқан Үкімет сағатында.

Оның айтуынша, биыл автокөліктерге арналған жылыту, желдету, салқындату жүйелері, цилиндр блоктары және еден жабындары өндіріле бастады. Жыл соңына дейін Қостанай қаласында қуаты 60 мың данаға дейін автокомпонент өндірісі іске қосылады. Сонымен қатар, Алматы қаласында автокөліктерге арналған электр сымдарын, тежегіш және отын жүйесі түтіктерін локализациялау жоспарланған.

— Теміржол машина жасау саласында дөңгелектер, вагон осьтері, бұрмалар мен рельс бекіткіштері шығарылады. Кәсіпорындар арасындағы кооперацияны одан әрі дамыту үшін биыл заңнамада салалық кластер құру тетігі қарастырылды. Қазіргі уақытта кластер құру шарттары мен көрсетілетін мемлекеттік қолдау шараларын айқындайтын тиісті нормативтік құжат әзірленіп жатыр, — деді министр.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив